Ғалымдарды елге тарту мақсатымен жаңа стипендиялар белгіленді

Жаңа бағдарлама шетелдердегі түрік азаматтарымен қоса шетелдік зерттеушілерді де қамтиды.

Ғалымдарды елге тарту мақсатымен жаңа стипендиялар белгіленді

«Ғалымдардың жылыстауын» керісінше бағытқа бағыттайтын бағдарламада Түркияға келетін зерттеушілерге 1 миллион түрік лирасы төленеді, айлық стипендия болса 24 мың түрік лирасы ретінде белгіленді.

Ғалымдардың Түркиядан кетуін тоқтату мақсатымен Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі TÜBİTAK құрамында жүргізілген «Елге оралу зерттеу стипендия бағдарламасы» "Халықаралық Лидер зерттеушілер" бағдарламасына айналдырылды.

Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк осы бағдарлама жөнінде мәлімет берді.

Осыған орай, бағдарлама шетелдердегі түрік азаматтарымен қоса шетелдік зерттеушілерді де қамтиды.

Зерттеушілерге 8 салада ынталандыру шаралары жоспарланды.

Жас зерттеушілер үшін 500 мың түрік лирасы,  тәжірибелі зерттеушілер үшін 1 миллион түрік лирасы беріледі.

Айлық стипендия болса жастар үшін 20,  тәжірибелі зерттеушілер үшін 24 мың түрік лирасы деп белгіленді.

Ынталандыру пакеттері зерттеушілердің жұбайлары және балаларын да қамтиды. Отбасы үшін 2 мың 250 лира беріледі, балалар мен жұбайларына да сақтандыру жүргізіледі.



Ұқсас жаңалықтар