Ердоған Трамппен кездескенін түсіндірді

Ердоған «YPG және басқа тақырыптарда АҚШ лауазым иелері арасында түсініспеушілік бар сияқты» деді.

1086838
Ердоған Трамппен кездескенін түсіндірді

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тақырыбында өз іштерінде түсініспеушіліктің болғанын түсіндірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтатқан бітімінің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу үшін Францияға барған еді. Ердоған Франциядан қайтарда ұшақта журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Президент Ердоған АҚШ президент Дональд Трамппен астана Парижде өткізген кездесулерінде Сириядағы оқиғаларды қолға алғандарын білдірді.

«Трамп Идлиб тақырыбына қатты көңіл бөлуде. Ол жердегі табыстарымызға Трамп риза болды және бізді мақтады» деген Ердоған «YPG және басқа тақырыптарда АҚШ лауазым иелері арасында түсініспеушілік бар сияқты. Мен Трампқа осы тақырыпта бірге жасауға болатын көп істер бар дедім» деген сөздер қолданды.  

Сирияда Евфрат өзенінің шығысындағы YPG/PKK құрылымына тоқталған Ердоған бұл мәселенің шешімі үшін АҚШ лауазым иелері,  Сыртқы істер министрлері және Ұлттық қорғаныс министрлері шеңберінде кездесулер өткізетіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар