Ұлы көсем Ататүрік еске алынуда

Түркия Республикасының құрушы көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 80  жыл толғанда еске алынуда.

erdogan anitkabir2.jpg
erdogan anitkabir1.jpg
erdogan anitkabir.jpg

10 қараша--Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күні.  Түркияның құрушысы, Ататүрік дәл 80 жыл бұрын ауруханада жан тапсырды. Ол қайтыс болған уақыт таңғы 09.05 минутты көрсетеді. Содан бері әр жылы дәл осы уақытта Түркия бойынша еске алу рәсімі атап өтіледі. Тіпті көліктер де бір минутқа тоқтайды. Бүкіл Түркия демін ішіне тартып ұлы көсемін еске алады.

Түркия Республикасының құрушы көсемі Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 80  жыл толғанда еске алынуда.

Президент Режеп Тайып Ердоған және қасындағы лауазым иелері Аныткабирде Атаның құзыретіне шықты.

Президент Ердоған Аныткабир естелік дәптеріне былай деп жазды: «Әзіз Ататүрік ! Бүгін қайтыс болғаныңызға 80 жыл толып отырғанда Азаттық күрестің жеңімпаз қолбасшысы, Республикамыздың құрушысы ретінде сізді тағы бір рет құрметпен еске аламыз. Сіз бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен ілгерілеудеміз.Түркия Республиканың 95 жылдығына орай Стамбул әуежайын іске қостық. Бұл еңбек түрік ұлтының үлкен мақтанышы ретінде тарихқа жазылды. Рухың шат болсын».

Стамбулдағы еске алу рәсімдерінің орталығы болса Ататүрік көз жұмған Долмабахче сарайы еді. Мыңдаған адам қолдарына түрік байрағын көтеріп, Ататүрікті еске алу үшін Долмабахче сарайына барды. Бұл жердегі рәсімде құрмет көрсетілді, әнұран орындалды.



Ұқсас жаңалықтар