Чавушоғлұ ресми сапармен Лаосқа барды

Чавушоғлұ Лаос Сыртқы істер министрі Сомсават Лейнтсаватпен кездесті.

Чавушоғлұ ресми сапармен Лаосқа барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Лаосқа барды. Чавушоғлұ сапар аясында Лаос Халық Демократиялық Республикасының премьер-министр орынбасары, Сыртқы істер министрі Сомсават Лейнтсаватпен кездесті.

Кездесуде Чавушоғлұ Лаоста жазғы айларында болған сел апатына қайғырғанын жеткізді.  

Министр Чавушоғолұ Түркияның Лаос халқының қасында екенін білдірді.

Лаосқа сыртқы істер министрі деңгейінде алғашқы сапар жасағанына риза болғанын баяндаған Чавушоғлұ осы елде кеше рәсіммен ашылған Түркияның дипломатиялық өкілдігінің екі қарым-қатынастары үшін маңызды екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар