Стамбулда Украина Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес жиналысы

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Қырым Татарларының құқығы мен мүдделерін қорғауды жалғастыратынын атап көрсетті.

1081032
Стамбулда Украина Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес жиналысы

Түркия-Украина Жоғары деңгейлі стратегиялық кеңес жиналысының 7-сі Стамбулда жүзеге асты.

Жиналыс алдында президент Ердоған мен Украина президенті Петр Порошенко Стамбулдағы Мабейн сарайында оңаша кездесті.

Баспасөзге жабық өткен кездесуде екі жақты және аймақтық қарым-қатынастар қолға алынды.

Артынан Кеңес жиналысы басталды. Отырысқа екі елдің тиісті министрлері қатысты.

Жиналыстың артынан екі ел арасында экономикалық және қорғаныс ынтымақтастығы мен хаттамаларға қол қойылды.

Екі басшы қол қою рәсімінің артынан ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Президент Ердоған Еркін сауда келісімін жылдың соңына дейін дайындауға шешім қабылданғанын атап көрсетті.

Басшылардың күн тәртібін Қырым мәселесі құрады.

Президент Ердоған Украинаның шекара тұтастығын қорғау керектігін атап, Қырымның заңсыз түрде аннексиялауын ешқашан танымайтындарын қайталады.

Украина президенті Порошенко болса Украинаның шекара тұтастығы мен Қырым тақырыбында берген қолдауы үшін Түркияға алғысын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар