Қорғаныс өнеркәсібінің жаңа жобалары қаралды

Қауіпсіздік жасақтарының ықпалын арттыратын жобалар қарастырылды.

Қорғаныс өнеркәсібінің жаңа жобалары қаралды

Қорғаныс өнеркәсібі атқару комитеті жиналысында қауіпсіздік жасақтарының ықпалын жоғары деңгейге шығаратын отандық және ұлттық жүйелерге жаңаларын қосуға бағытталған жобалар қаралды.

Президенттік сарайда кеше өткен жиналыстан кейін жазбаша хабарлама жарияланды.

Осыған қарағанда,  жиналыста шекара ішінде және ел шекарасын кепілі үшін шекара тысында операцияларын табысты жүргізген қауіпсіздік жасақтарының ықпалын жоғары деңгейге шығаратын отандық және ұлттық жүйелердің жаңаларына байланысты жобалар талқыланды.

Қорғаныс өнеркәсібі және технологияларын жетілдіру,  нығайту,  қолдау және экспорт мақсатты түрлі инвестиция және жаңалау істері жөнінде шешімдер қабылданды.

Осы аяда Жетілдірілген Атак тікұшағы жобасының басталуы,  түрлі Ұшқышсыз әуе аппараттары мен Қарулы Ұшқышсыз әуе аппараттары,  теңіз және құрлық көліктері, электрондық әскери жүйелер, түрлі оқ-дәрілер мен қару жүйелерінің жетілдірілуі, қауіпсіздік жасақтарының түрлі мүұтаждықтарын қамдауға байланысты жобалар қаралды.



Ұқсас жаңалықтар