Чавушоғлұ Мудтеда ес-Садрмен кездесті

Чавушоғлұ Ирак сапары барысында маңызды кездесулер өткізді.

Чавушоғлұ Мудтеда ес-Садрмен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ кеше ресми сапармен Иракқа барды.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұның кеше кеште Ирактың Неджеф қаласында Садр қозғалысы лидері және 12 мамыр күні өткен жалпы халықтық сайлаудың жеңімпазы болған Муктеда ес-Садрмен кездесті.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ Садрмен өткізген кездесуде екі ел қарым-қатынастары және үкімет құру жұмыстарымен байланысты тақырыптарды қолға алғандарын айтты.

Сыртқы істер министрі      Чавушоғлұ кеше Ирак сапары аясында Ұлттық хикмет ағымы лидері Аммар әл-Хекмиммен бас қосты.

Чавушоғлұ  одан кейін  Ирак Президенті Бархам Салих, премьер-министр Хайдар Әл-Абади, Мәжіліс төрағасы Мұхаммед әл-Халбуси және Түрікмен азаматтық ұйымының өкілдерімен кездесті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар