Президент өз сапарына баға берді

"Венгриямен ұйымшылдығымыз үлгі боларлықтай" деді.

Президент өз сапарына баға берді

Президент Режеп Тайып Ердоған: «Венгриямен НАТО, Еуропа Кеңесі және Еуропа Одағы секілді халықаралық ұйымдар аясындағы ұйымшылдығымыз үлгі боларлықтай» деді.

Президент Ердоған өзі жазған «Венгрия сапары» атты жазбасын әлеуметтік желіде жариялады.  «Терең және тамырлы қатынастарымыз бар  Венгриямен ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында жұмыстанудамыз.  Венгриямен НАТО, Еуропа Кеңесі және Еуропа Одағы секілді халықаралық ұйымдар аясындағы ұйымшылдығымыз үлгі боларлықтай» деді ол.

Ердоған 2013 жылы қалыптастырылған Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі арқылы соңғы 5 жылда Венгриямен екі жақты қатынастарда барлық салада жетістік бар екенін білдірді. Президент 2013-2017 жылдар арасында екі жақты сауда айналымының 38 пайыз артып, 2,6 миллиард долларға жеткенін айтты.

«Африка және Орталық Азияда мүмкіндіктерімізді бірлестіреміз.  Африканың даму талаптарына үлес қосу мақсатымен Венгриямен бірге жұмыстануды жалғастырамыз» деді ол.

Президент Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі және сейсенбі күндері Венгрияға сапарлай барған болатын.



Ұқсас жаңалықтар