Президент Ердоған Венгрияда

Ердоғанды Венгрияда   президент Янош Адер ресми түрде қарсы алды.

erdogan macaristan'da.jpg
erdogan macaristan'da.jpg
erdogan macaristan'da.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоғанды Венгрияда   президент Янош Адер ресми түрде қарсы алды.

Президенттік сарайға атты жасақ серік болған көлікпен барған Ердоған мен жұбайы емине Ердоған әріптесі Адер және жұбайы Анита Херцег тарапынан қарсы алынды.

Екі президент рәсім алаңындағы орындарына келгеннен кейін екі елдің ұлттық әнұрандары шырқалды. Ердоған мен Адер әскери жасаққа сәлем бергеннен кейін делегацияларын таныстырды.

Оңаша кездесуден кейін екі президент делегация кездесуіне қатысады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанға жұбайы Емине Ердоған, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын,  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Қатынас және инфрақұрылым министрі Мехмет Джахит Турхан, Президенттік Коммуникация төрағасы Фахреттин Алтун,  Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Джевдет Йылмаз серік болуда.

Ердоған екі күндік сапарында Венгрия президенті Янош Адермен кездеседі.  Президент сонымен бірге парламент басшысымен,  премьер-министрмен де бас қосады.

Кездесулерде екі жақты қатынастардың жетілдірілуі үшін басылатын қадамдар қолға алынады.  Түркия мен Еуропа Одағы қатынастары,  заңсыз көш және терроризммен күрес те қаралатын тақырыптар арасында.

Сапар аясында президент Ердоған премьер-министр Орбанмен бірге Будапешттегі Гүл Баба мазарын ашады. Ердоған айырықша Түркия-Венгрия Бизнес форумына да қатысады.



Ұқсас жаңалықтар