Еуразия Мәжіліс басшылары жиналысы басталды

38 елдің өкілдері Анталияда бас қосуда.

Еуразия Мәжіліс басшылары жиналысы басталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырымның басшылығында Анталияда Еуразия Мәжіліс басшыларының 3-ші жиналысы басталды.  38 елдің өкілдері экономикалық ынтымақтастық,  қоршаған орта,  жалғастырылатын даму тақырыптарын қолға алуда.

Бұдан бұрын Ресей және Оңтүстік Кореяда өткен Еуразия мәжіліс басшылары жиналысы Анталияда ұйымдастырылды.

Жиналыс аясында Анталияға кеше кеткен Түркия мәжіліс басшысы Йылдырым екі ресми кездесу өткізді.

Алдымен Ресей Мемлекеттік думасы басшысы Вячеслав Володинмен кездескен Бинали Йылдырым артынан Қазақстан Мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулинмен бас қосты.

Йылдырым екі жақты кездесулерін бүгін де жалғастырады.

Негізгі тақырыбы «Еуразияда экономикалық ынтымақтастық,  қоршаған орта,  жалғастырылатын даму» ретінде анықталған жиналыс жаһандық және өңірлік деңгейде дамуға байланысты қиыншылықтарды қолға алып,  осы қиыншылықтарды жеңу үшін халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етеді.

Бүгін кешке қонақтар үшін қонақасы беріледі.

ТҰҰМ төрағасы Йылдырым, Корея Республикасы Ұлттық мәжіліс төрағасы Мун Хи Санг пен Ресей Мемлекеттік думасы төрағасы Володин баяндама оқиды.

Үш отырыс өткізілгеннен кейін ортақ декларация жарияланады.

Сәрсенбі күні қатысушылар мәдени бағдарламада бас қосады.

Делегация мүшелері туризмнің бас қаласы Анталияның табиғи және мәдени сұлулықтарын көріп,  Перге ежелгі қаласы,  Анталия Археология мұражайын аралайды.



Ұқсас жаңалықтар