Президент Ердоған Рейтер агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды

Президент Ердоған АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Ираннан табиғи газ сатып алуды жалғастыратынын атап көрсетті.

1056931
Президент Ердоған Рейтер агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың санкцияларына қарамастан Ираннан табиғи газ сатып алуды жалғастыратынын атап көрсетті.

БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші Жалпы Кеңес жиналысы үшін АҚШ-ға барған Ердоған ағылшындардың хабар агенттігі Рейтердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Иранға бағытталған санкциялардың қараша айында іске қосылатыны жайлы бір сұраққа қайтарған жауабында Ердоған билік ретінде қадамдарын халықтың мүддесіне қарап басатындарына назар аударып, «Біз табиғи газ сатып алмайтын болсақ, мен халықты немен жылытамын. Қазір елімде тұтынылған табиғи газдың 50 пайызын Ресейден, қалғанын Иран, Ирак және Әзірбайжаннан кейде Алжирден аламыз. Алмаған жағдайда халықты қыста қалай жылытамыз? Біздің негізгі мақсатымыз халықты риза қылу емес пе? Біз қадамдарымызды мүдделерімізге  сәйкес басамыз. Халқымыздың тыныштығы мен мүддесін назарға алуға тиістіміз» деді.

Ердоған сириялық босқындармен байланысты бір сұраққа «Олар біздің қонақтарымыз, Асадтың зұлымдығынан қашып келген. Асад қазір де бомба жаудыруда. Бұл саммиттер болмағанда, осылар тоқтамас еді. Бұл қадамдарды Ресей және Иранмен басудамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар