Президент Ердоған орыстардың Коммерсант газетіне сұхбат берді

Президент Ердоған Түркияның қандай жағдайда болмасын шекараларының кезкелген жерінде террорға рұқсат бермейтінін атап көрсетті.

Президент Ердоған орыстардың Коммерсант газетіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қандай жағдайда болмасын шекараларының кезкелген жерінде террорға рұқсат бермейтінін атап көрсетті.

Ресейдің Коммерсант газетіне сұхбат берген президент Сириядағы жағдайды бағалады.

Террормен күрестің маңыздылығына тоқталған Ердоған «Түркияның PKK, PYD/YPG және DSG сияқты бөлшектеуші террор ұйымдарымен жүргізген күресіне Ресейден толық қолдау күтеміз» деді.

Түркияның террормен күресте табанды екенін атап көрсеткен Ердоған мұны Сирияның Африн, Жераблус, Әл-Баб және Идлиб аймақтарындағы террормен күресінде көп рет көрсеткенін білдірді.

Ресейдің Сочи қаласында 17 қыркүйек күні Ресей президенті Владимир Путинмен жүзеге асқан кездесуінде бұл тақырыпқа назар аударудың маңыздылығына тоқталған Ердоған «Түркияның осы террор ұйымдарымен берген күресте Ресейдің де қолдауын күтеміз» деді.

Ердоған Ресеймен ынтымақтастықтың келешекте белсенді түрде жалғасатынына сенгенін білдірді.

Босқындардың жағдайына тоқталған Ердоған «Жаһандық жараға айналған бұл мәселе тек қана Түркияның проблемасы сияқты бағалау дұрыс емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар