Ердоған Нью-Йоркте түрік және мұсылман қоғамдарына үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда қауіпсіз аймақтардың санын арттыруды жалғастыратындарын атап көрсетті.

Ердоған Нью-Йоркте түрік және мұсылман қоғамдарына үн қатты

Президент Ердоған Түркия уақытымен 23:00-де барған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Түрік-Американ Ұлттық бағыт-бағдар беру комитеті тарапынан (TASC) ұйымдастырылған іс-шарада түрік және мұсылман қоғамға үн қатты.

Елдеріндегі дағдарыс себепті Түркияны паналаған сириялықтан 260 мың адамның отанына оралғанын атап айтқан Ердоған «Соңғы Идлиб дағдарысында болғандай, бір ғана жазықсыз адамның өзіне «зиян келмесін» деп үшін тығыз жұмыстандық. Осы талпыныстарымыздың жемісін көре бастадық» деді.

Президент Ердоған «Алғашқы құбыламыз Иерусалимді басқыншылар мен Палестиналықтарға мемлекеттік террор жасайтындардың мақсаттарына қалдырмаймыз. Израиль мен Американ әкімшілігінің Иерусалимнің намысы мен абыройын таптайтын ұстанымдарына қарсы күресімізді дипломатиялық тұрғыдан ең жоғарғы деңгейде жалғастырамыз» деген Ердоған Аракандық мұсылмандардың трагедиясына да назар аударып, «Барлық осы мәселелердің дағдарысқа айналуында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сияқты жаһандық және тұрақтылықтың кепілгері мекемелердің жеткіліксіздігін мойындаймыз. Осы мекемелер құрылымы себепті көбінесе жаһандық бейбітшіліктен гөрі белгілі күштердің мүдделерін қорғауға қызмет етуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар