Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-қа барады

Президент Ердоған Нью-Йоркте БҰҰ-ның 73-ші Бас Ассамблеясына қатысады.

1054850
Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-қа барады

Ердоған БҰҰ-ның 73-ші Бас Ассамблеясына қатысу мақсатты 23-27 қыркүйек күндері арасында АҚШ-та болады.

Ердоған Нью-Йоркта БҰҰ Бас Ассамблеясының 24 қыркүйек күні болып өтетін «Жоғары деңгейлі Жаһандық Босқын Келіссөздері» отырысына қатыспақ. Осында Түркияның сириялық босқындар үшін жасағандарын түсіндіріп, бүкіл әлемге «Түркияға қолдау беріңіз» шақыруы тастайды.

Президент Ердоған Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен оңаша бас қосады.

Әрі Бас хатшыға, әрі бас қосатын басқа да басшыларға 17 қыркүйек күні Ресейдің Сочи қаласында қол қойылған Идлиб хаттамасын түсіндіреді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса орыс және ирандық әріптестерімен бас қосады.

Түркия АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-ге берген қолдауы себепті мазасыздануда.

Президент Ердоған наразылығын басшылармен қолға алады.

Ердоған Нью-Йоркте АҚШ-тық инвестиция және іскер әлеміне де үн қатады. Ердоған іскерлерді Түркияға инвестиция салуға шақырады.

Президент Ердоған 26 қыркүйек сәрсенбі күні тікелей Германияның бас қаласы Берлинге өтеді.



Ұқсас жаңалықтар