Ердоған халықты «Teknofest İstanbul» фестиваліне шақырды

Президент Ердоған «Баршаңызды Стамбул Жаңа әуежайында өтетін фестивальға шақырымын» деді.

Ердоған халықты «Teknofest İstanbul»  фестиваліне шақырды

Президент Ердоған «Баршаңызды Стамбул Жаңа әуежайында өтетін фестивальға шақырымын» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін «Teknofest İstanbul» авиация, ғарыш және технология фестиваліне қатысатынын білдіріп, халықты Стамбул Жаңа әуежайына шақырды.

Президент Ердоған Твитттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Ұлттық технология талпынысы» қуанышын жастарымызбен бірге бөлісу үшін мен де TEKNOFEST-те боламын. Баршаңызды Стамбул Жаңа әуежайында өтетін фестивальға шақырымын» деген сөздер қолданды.

Түркия Технология командасы (T3 қоры) және Стамбұл муниципалитеті тарапынан Стамбұл Жаңа әуежайында ұйымдастырылған TEKNOFEST 23 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

«Teknofest İstanbul» Түркия тарихының ең үлкен жүлделі технология жарыстарына қоса, авиация шоуы, семинарлар, халықаралық инвестиция саммиттері және іс-шараларын келушілерге ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар