"Түркияның ролі өте маңызды"

Германия Сыртқы істер министрі Түркияның Сирия келіссөздерінде жақсы рол ойнағанын айтты.

"Түркияның ролі өте маңызды"

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Түркияның Сирия және әсіресе Идлиб қаласына байланысты келіссөздерде жақсы рол ойнағанын айтты.

Маас Латвия Сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевичпен Берлинде кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатында Түркия сапарына баға берді. Ол осы айдың басында өткен Түркия сапарының екі жақты қатынастардың қайта қалпына енуі тақырыбында бастау болатынын айтты.

Түркияның Ресеймен Идлиб аймағында қарудан тазаланған аймақ қалыптастыру тақырыбында келісімге келгенін, мұның гуманитарлық қырғынның алдын алу үшін өте маңызды екенін атап көрсеткен неміс министр: «Түркияның Сирия және Идлибке байланысты келіссөздерде төтенше рол ойнағанын көріп отырмыз» деді.

Неміс және түрік министрлердің өзара сапар ұйымдастырғанын,  осы кездесулердің президент Режеп Тайып Ердоғанның Германия сапарынан кейін де жалғасатынын білдірген Маас: «Түркияның экономикалық салада тұрақтылығына көп көңіл бөлеміз» деді.

Президент Ердоған осы айдың аяғында Германияға барады.



Ұқсас жаңалықтар