Калын Манбидж жөнінде мәлімдеме жасады

Калын ТҚК-нің АҚШ күштерімен бірлесе отырып әскери дайындықтар өткізетінін айтты.

Калын Манбидж жөнінде мәлімдеме жасады

Калын ТҚК-нің АҚШ күштерімен бірлесе отырып әскери дайындықтар өткізетінін айтты.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның Манбидж ауданында Түрік Қарулы Күштерінің АҚШ күштерімен таяу уақытта бірлесе отырып әскери дайындықтар өткізіп, әрекет жасай бастайтынын білдірді.

Президенттік сарайында баспасөз жиналыс өткізген Ибрахим Калын Түркияның Манбидж жол картасының жоспарланғандай атқарылуын күткенін айтты.

Манбидж жол картасының маңызды екенін және Түркияның бұған табанды болатынын атап өткен Калын былай деді: «Алайда бірдей уақытта Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG және PYD-мен ымыраласуы алаң туғызуда. Бір тарапта Манбидж жол картасын атқарған кезде, енді бір тарапта YPG және PYD-ге әртүрлі қару-жарақ, қаржы, саяси және медиа қолдауының жалғасуы қабылдануға болмайды. Манбидж жөнінде ортақ әрекет жасау үшін жұмыстар аяқталуға аз қалды. Түрік Қарулы Күштері АҚШ Қарулы Күштерімен бірге бұны ұйымдастыруда. Таяу уақытта бірлесе отырып әскери дайындықтар өткізіп, әрекет жасай бастаймыз».



Ұқсас жаңалықтар