Шекараны бұзып өтпек болған 118 босқын ұсталды

Шекараны күзету топтарының тергеуі барысында 118 Ауғанстан мен Пәкістан текті босқынның шекараны бұзып кіргені анықталды.

Шекараны бұзып өтпек болған 118 босқын ұсталды

Ванның Башкале ауданында шекараны бұзып өтпек болған 118 шетелдік босқын ұсталды.

Аудандық Жандармерия қолбасшылығы топтарының шекара күзету қызметі барысында Иран шекарасындағы Эшмепынар аумағы, Сарысу маңында босқындар тобы тоқтатылды.

Тергеу барысында 118 Ауғанстан мен Пәкістан текті босқынның шекараны бұзып кіргені анықталды. Босқындар арасында 13 бала бар.

Аудандық Жандармерия қолбасшылығында тамақ берілген соң Башкале Мемлекеттік ауруханасына апарылып денсаулықтары тексерілген босқындар кейін  Қалалық көшу-қон басқармасына жіберілді.



Ұқсас жаңалықтар