Пәкістан Әуе күштері қолбасшысы Түркияға келді

Пәкістан Әуе Күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мүджахид Ануар Ханға Түрік Қарулы күштерінің ордені табыс етілді.

Пәкістан Әуе күштері қолбасшысы Түркияға келді

Пәкістан Әуе Күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мүджахид Ануар Хан Түркия мен Пәкістанның қорғаныс ынтымақтастығын жетілдіру тақырыбында үлкен қабілетке ие екенін атап көрсетті.

Хан Түркияға ресми сапары аясында екі ел арасында әскери саладағы ынтымақтастықты бағалады.

Түркияға келгені үшін қуанышты екенін тілге тиек еткен Хан екі жақты қарым-қатынастарды жетілдіргілері келгенін атап көрсетті.

Хан геосаяси және гео-стратегиялық шарттар тұрғысынан Пәкістан мен Түркияның ұқсас қиыншылықтары бар екеніне назар аударды.

Түрік халқының барлық тақырыптарда Пәкістанға қолдау бергенін атап көрсеткен Хан «Түркия барлық қиын кезеңдерінде Пәкістан мемлекетін жалғыз қалдырмады, алғысымды айтамын» деді.

Хан екі ел арасында қорғаныс саласында әртүрлі тақырыптарда мықты ерекшеліктерге ие екенін атап, «Түркия мен Пәкістан қорғаныс саласында ынтымақтастық жетілдіру тақырыбында үлкен қабілетке ие» деді.

Түрік Әуе күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Хасан Күчүкакйүз Пәкістан Әуе Күштері қолбасшысы генерал-лейтенант Мүджахид Ануар Ханға Түрік Қарулы күштері атынан орден табыс етті.

Түркия мен Пәкістан арасындағы 30 дана «T129 ATAK» тікұшағын сату туралы келісім 13 шілде күні бекітілген болатын. Аталмыш келісіммен Түркия Республикасы тарихының бір жолда жасалған ең үлкен қорғаныс өнеркәсібі экспортын жүзеге асырады.



Ұқсас жаңалықтар