Синирлиоғлұ шабуылдың тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады

Синирлиоғлұ  барлық әскери операциялардың тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады.

Синирлиоғлұ шабуылдың тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады

Синирлиоғлұ  барлық әскери операциялардың тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады.

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлұ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сирияның Идлиб аймағындағы барлық әскери операциялардың тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады.

Синирлиоғлұ Ресейдің талабына орай жиналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей Президенті Владимир Путин және Иран Президенті Хасан Руханидің жұма күні Тегеранда өткізілген саммиттің қорытындылары жайлы мүше елдерге мағлұмат берді.

Астана  келіссөздерінің Сириядағы қақтығыстарды азайту және саяси процесті тездету үшін жасалғанын еске салған Синирлиоғлү Тегеран саммитінде де Идлиб тақырыбының басты күн тәртіпте болатынын білдірді.

Синирлиоғлұ Президент Ердоғанның Тегеранда атысты тоқтату жөнінде тастаған үндеуін еске салды.  



Ұқсас жаңалықтар