Эмине Ердоғанға «Гуманитарлық қызмет сыйлығы» табыс етілді

Лондонда ұйымдастырылған Жаһандық Донорлар форумы аясында «Гуманитарлық қызмет сыйлығы» биыл Эмине Ердоғанға табыс етілді.

Эмине Ердоғанға «Гуманитарлық қызмет сыйлығы» табыс етілді

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоғанға Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда ұйымдастырылған Жаһандық Донорлар форумы аясында «Гуманитарлық қызмет сыйлығы» табыс етілді.

Бүкіләлемдік Мұсылман филантроптар конгресінің (World Congress of Muslim Philanthropists) Лондонда ұйымдастырған Жаһандық Донорлар форумы аясында «Қайырымдылық мұрасы» жүлделерінің бірі болған «Гуманитарлық қызмет сыйлығы» Эмине Ердоғанға табыс етілді.

Лондон қала әкімшілігі қонақжайлығында ұйымдастырылған рәсіммен сыйлығын алған Эмине Ердоған осында айтқан сөзінде Сириядағы гуманитарлық трагедияға назар аударып, «Соғысты тоқтататын ортақ бір көзқарас шықпайды. Әлем мойындауға тиісті жауапкершілік бірнеше елге жүктелген. Осылардың бірі – Түркия» деді.

Түрік ұлтының мықты бір қор дәстүрі бар қайырымшыл бір қоғам екенін атап көрсеткен Ердоған Түркияның тек қана босқындарға көмектесумен шектелмегенін, Африка елдерінен Газа секторына дейін барлық аймаққа жәрдем қолын созғанын атап көрсетті.

Түркияның ұлттық табысымен  салыстырғанда ең көп гуманитарлық жәрдем жасаған ел екенін еске салған Эмине Ердоған «Бүгін кешкі уақытта өзіме табыс етілген гуманитарлық қызмет сыйлығын, адамзаттың ұжданы болған қасиетті ұлтым атынан қабылдаймын. Менің абыройымды мәңгі көтеретін осы сыйлықтың негізгі иегері дін, тіл, нәсіл бөлшектемей қай жерде бір айқай-шу естісе сол жаққа бағытталған елім, мемлекетім және ұлтым болып табылады» деді.



Ұқсас жаңалықтар