Жапония ханшайымы Анкарада кездесу өткізуде

Жапония Ханшайымы Акико Микаса ел астанасы Анкарада кездесу өткізуде.

akiko miksanomiya-tirnak bayraklar.jpg
akiko miksanomiya-cavusoglu.jpg

Жапония Ханшайымы Акико Микаса ел астанасы Анкарада кездесу өткізуде.

Ханшайым Микасаны Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым қабылдады.

Йылдырымның қабылдауы баспасөзге жабық өтті.

Одан кейін Жапония Ханшайымы Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұмен кездесті.

Анкарадағы сапарын Аныткабир ескерткішімен бастаған Ханшайым Акико Микаса Түркия Республикасының құрушысы Ататүріктің мавзолейіне гүл шоқтарын қойып, тағзым еткен Ханшайым Анытқабир арнайы дәптеріне естелік жазып қалдырды.

Артынан Ханшайым Түрік-Жапон Мәдениет орталығына барды.

Микаса әкесі Ханзада Такахико фондтың ауласына 1993 жылы отырғызған ағаштың қасына Түрік-Жапон фонды Мәдениет орталығының 20 жылдығына орай бір ағаш екті.

Ханшайым фондтың басшылары және оқушыларымен бас қосты.

Ханшайым Микаса Түркияның Кыршехир қаласына да барды, Каман Калехөйүктегі Жапон Анадолы археология институтын да аралады.

Жапония ханшайымы Акико Микасаның сапары 14 қыркүйек күніне дейін жалғасады.


Этикеттер: Анкара , Жапония

Ұқсас жаңалықтар