Түркия терактіні айыптады

Түркия Ливия Ұлттық мұнай мекемесінде болған терактіні айыптады.

Түркия терактіні айыптады

Түркия Ливияның бас қаласы Триполиде Ливия Ұлттық мұнай мекемесінде болған терактіні айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялап: «Ливияның тұрақтылық және гүлденуі тұрғысынан маңызды бір мекемеге жүзеге асырылған соңғы террор актін айыптаймыз» деп білдірді.

Триполиде Ұлттық Мұнай компаниясының ғимаратында кеше болған терактіде азаматтардың қаза тауып,  жарақат алғандары айтылған мәлімдемеде: «Шабуылда қаза тапқан азаматтарға Алладан рақым тілейміз, дос Ливия үкіметі мен бауырлас Ливия халқына көңіл айтамыз, жарақат алғандарға жедел шипа тілейміз» деп айтылды.

Ливияның бас қаласында кеше болған терактіде 2 қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 10 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар