Ердоған «Әлем Асадты тоқтату керек» деді

Режеп Тайып Ердоған Америка Wall Street Journal (WSJ) газетіне бір мақала жазды.

Ердоған «Әлем Асадты тоқтату керек» деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия режимінің Идлиб аймағына жасаған шабуылының Түркияға, Еуропа елдеріне және басқа елдерге қауіп төндіретінін айтты.

Режеп Тайып Ердоған Америка Wall Street Journal (WSJ) газетіне бір мақала жазды.

Ердоған мақаласында «Идлиб аймағына шабуыл жасалады. Халықаралық ұйымдар бұны байқауы керек. Егер соғыс болатын болса, бұның шығыны өте үлкен болады. Сирия халқын Башар Асадтың қолына тастап кете алмаймыз» деген сөздер қолданды.

Ердоғанның Wall Street Journal (WSJ) газетіндегі мақаласында Идлиб қаласындағы соңғы оқиғаларды және Түркияның орнын жазды. Мақаласында «Әлем Асадты тоқтату керек» деген тақырып қолданды.

«Біз басқалары секілді алыстан қарап отырудың орнына отты сөндірудің жолдарын қарастырудамыз» деді Ердоған. Ол: «аймақтағы бейбіт халықтың қорғалуы, террористтердің тазалануы және Идлибтің қазіргі мәртебесінің сақтап қалынуы өміршең маңызда» деді.

Идлибтің Сирияның шағын үлгісі екенін білдірген президент: «Осында басылатын қате қадамдардың жағымсыз әсері барлық жерден сезіледі» деді.

«Қазір 3,5 миллион сириялық азаматқа елімізді ашып отырмыз.  Идлибтің тұрғын саны қазір 3,5 миллион.  Тағы 3,5 миллионға есік ашуға күшіміз де,  мүмкіндігіміз де жетпес. Қазір басылатын қадам - Идлибтен болуы мүмкін көштің алдын алу. Сондықтан терроризммен күресте табысты болуымыз керек» деді ол.

 


Этикеттер: Башар Асад , Идлиб

Ұқсас жаңалықтар