Жапон ханшайымы Анкарада

Акико Микаса-но-мия Анкарада Ататүріктің мавзолейіне барды.

Жапон ханшайымы Анкарада

Түркияға келген Жапония ханшайымы Акико Микаса-но-мия Анкарада Ататүріктің мавзолейіне барды.

Ататүріктің мавзолейіне гүл шоқтарын қойып, тағзым еткен Ханшайым Анытқабір арнайы дәптеріне естелік жазып қалдырды.

Артынан Ханшайым Түрік-Жапон Мәдениет орталығына барды.

Микаса-но-мия әкесі Ханзада Такахико фондтың ауласына 1993 жылы отырғызған ағаштың қасына Түрік-Жапон фонды Мәдениет орталығының 20 жылдығына орай бір ағаш екті.

Ханшайым фондтың басшылары және оқушыларымен бас қосты.

Ханшайым Микаса-но-мияТүркияның Кыршехир қаласына да барады, Каман Калехөйүктегі Жапон Анадолы археология институтын да аралайды.



Ұқсас жаңалықтар