Лидерлер Тегеранда баспасөз мәслихатын өткізді

Үштік саммитте басшылар Идлиб мәселесіне тоқталды.

1045411
Лидерлер Тегеранда баспасөз мәслихатын өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб аймағында бейбіт халықтың қорғалуы және қазіргі мәртебенің сақталып қалуының маңызды екенін айтты. Президент Ердоған,  Иран президенті Рухани және Ресей президенті Путин бірге ұйымдастырған Тегерандағы үштік саммиттен кейін баспасөз мәлімдемесі жасалды.

Ердоған осы саммиттердің Сириядағы жағдайды талқылау және алға бағытталған қадамдарды анықтау тұрғысынан маңызды мүмкіндіктер ұсынғанын айтты.  «Бүгін осында бас қосуымыздың себебі – гуманитарлық трагедияны доғарудың жолдарын қарастыру» деді ол.

«Біз басқалары секілді алыстан қарап отырудың орнына отты сөндірудің жолдарын қарастырудамыз» деді Ердоған. Ол: «аймақтағы бейбіт халықтың қорғалуы, террористтердің тазалануы және Идлибтің қазіргі мәртебесінің сақтап қалынуы өміршең маңызда» деді.

Ердоған Түркияның Идлибте 12 бақылау бекеті бар екенін, Түркияның өңірде үлкен жауапкершілік алғанын атап көрсетті.

Идлибтің Сирияның шағын үлгісі екенін білдірген президент: «Осында басылатын қате қадамдардың жағымсыз әсері барлық жерден сезіледі» деді.

«Қазір 3,5 миллион сириялық азаматқа елімізді ашып отырмыз.  Идлибтің тұрғын саны қазір 3,5 миллион.  Тағы 3,5 миллионға есік ашуға күшіміз де,  мүмкіндігіміз де жетпес. Қазір басылатын қадам - Идлибтен болуы мүмкін көштің алдын алу. Сондықтан терроризммен күресте табысты болуымыз керек» деді ол.

Иран президенті Рухани де: «Идлибте бейбіт халықтың зиян көрмеуі үшін шара қолдануымыз керек» деді.

Ресей президенті Путин болса «Президент Ердоғанның ұсынысымен барлық тараптарды қару тастауға шақырдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар