Ердоған Идлибте бітім болуын сұрады

Президент үштік саммитте Идлиб мәселесіне назар аударды.

Ердоған Идлибте бітім болуын сұрады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб қаласына болуы мүмкін бір шабуыл апат,  қырғын, гуманитарлық трагедиямен аяқталатынын айтып, ескерту жасады.

Иранның бас қаласы Тегеранда президент Режеп Тайып Ердоған Ресей презденті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Руханимен бірге үштік саммит өткізді.

Саммитке президент Ердоғанның «Идлибте бітім» талабы таңбасын басты.

«Идлибтің қанға боялуын қаламаймыз» деген Ердоған осы қаланың тек Сирияның саяси болашағы емес,  Түркияның ұлттық қауіпсіздігі және аймақтың бейбітшілігі үшін өміршең маңызда екенін айтты.  

«Осында оппозиция аймақтар бөлінгеннен кейінгі оқиғалар себепті өздерін алдады деп есептейді.  Түркия ретінде біз осы процесте шейіт бердік,  осыншама маңызды процестің қауіпті жағдайға келгенін көріп отырмыз» деді ол.

Идлиб секілді күрделі аймақта террористтерге қарсы ықпалды күрестің уақыт пен сабыр қажет ететін әдістерге мұқтаж екенін атап көрсеткен Ердоған: «Астана рухының өзегінде ең аз ортақ мәселелерде бас қосу ерік-жігер көрсетуіміз жатады.  Осы ортақ мәселелер болса Сирияның саяси бірлігінің қамдалуы,  территория тұтастығының сақталуы және келіспеушілікке бейбіт саяси шешім табу» деді.

Ердоған Идлибтің қанға боялуын қаламайтындарын,  дос елдердің де осыған көмектесуі керектігін тілге тиек етті.

«Идлибте орынды шешім табуымыз керек.  Мәселені Астана рухына сай шешуді мақсат етуіміз қажет.  Түркияның осы тақырыптағы сезімталдығын дұрыс түсінуіңізді сұраймын.  Біз Идлибке шоғырланған кезде, Евфрат өзенінің шығысында біз қаламайтын жағымсыз оқиғалар болып жатыр.  Америка Құрама Штаттарының аймақта бір террор ұйымының күшін нығайтуын жалғастыруына алаңдаймыз» деді ол.

«Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ны қосқанда Сириядан туындаған терроризмнің әртүрлісіне және Сирияның территория тұтастығына қарсы істелген әрбір қозғалысқа қарсы болуымыз керек» деді Ердоған.

Идлибте жедел түрде бітім керектігін бірнеше мәрте атап көрсеткен президент: «Идлибтегі бомбалаудан кейін бір бітім керек. Қазір Идлиб халқы қорқып, кете бастады. Олар қайтадан Түркияға көше бастады. Атысты тоқтатудың қамдалуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар