Ердоған АҚШ-ты сынады

"АҚШ Фетуллахшыларға ақша төлеп отыр" деді.

1044820
Ердоған АҚШ-ты сынады

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Фетуллахшы террор ұйымына жылына 800-850 миллион доллар төлегенін айтты.

Ердоған Түркияға ресми сапармен келген Бенин президенті Патрис Талонмен кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

Ердоған Бенин президенті Талонмен Фетуллахшы террор ұйымы мәселесін талқылау мүмкіндігін тапқандарын білдіріп: 

«FETÖ баршаға аян,  бір ұйым,  вирус,  барлық елге,  барлық жерге түрлі бейнемен енеді.  Сол секілді Бенинге де кірген бұлар.  Ағарту фонды өкіліміз өткен ай кездесулерін бастады.  Фетуллахшы террор ұйымының осы елдегі байланыстарын үзіп, қысқа уақытта нәтиже аламыз деп сенемін» деді.

Фетуллахшы террор ұйымының Түркияда мемлекеттің барлық органдарына қалай дендеп енген болса,  Бенинде де сондай әдіспен енуі мүмкін екенін атап көрсеткен Ердоған: «Америка Фетуллахшы террор ұйымының басшысына ауқымды жер бөліп берді. осы жерде ол әлемдегі мүшелерін басқарып отыр. Осы ұйымға қарасты мектептерден Американың осы ұйымға төлеген ақшасы 800-850 миллион доллар.  Мұны біліп жүру керек.  Осы ұйымның артында не бар екенін, кімнің тұрғанын білу тұрғысынан бұл өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар