"Идлибте аяусыз процес жүруде"

Президент Ердоған: "Тегеран саммиті өте маңызды" деді.

"Идлибте аяусыз процес жүруде"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб аймағына операция жөнінде «Идлибте өте аяусыз процес жүруде.  Ол аймақта 3,5 миллион адам бар.  Бір қырғын болса,  бұл адамдар бірінші болып қашатын  ел – Түркия» деді.

Ердоған Қырғызстан сапарынан оралып келе жатып ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді. Идлибтегі жағдайдың Түркия үшін маңызына тоқталған президент: «Себебі Идлибте қазір аяусыз процес жалғасуда.  Ол жерде 3,5 миллион адам тұрады.  Құдай сақтасын,  бір қырғын болса, бұл адамдардың бірінші боп қашатын елі – Түркия.  Қазір біздің Ресеймен ынтымақтастығымыз маңызды. АҚШ Ресейді, Ресей АҚШ-ты айыптап отыр. Бірақ Құдай сақтасын, зымыран лақтыратын болса үлкен қырғын болады.  ондай жағдайда адамдар қайда қашады? Көбі бізге келеді.  Бұл жаңа қиыншылықтар ала келеді» деді.

Жұма күні Иранның бас қаласы Тегеранда президент Хасан Рухани және Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосатынын еске салған Ердоған: «7 қыркүйек күні Тегеран саммиті өтеді.  Тегеран саммитін жақсы өткізіп, Құдай қаласа,  Сирия әкімшілігінің асырашылдықтарының алдын аламыз. Бұл саммит өте маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар