Палестиналық түлектерден Түркияға қолдау

«Соңғы күндері Түркия экономикасын нысанаға алған орынсыз санкцияларды айыптаймыз».

1033776
Палестиналық түлектерден Түркияға қолдау

Түркиядағы әртүрлі университеттердің түлегі палестиналықтар құрған Түркия түлектері қоғамы АҚШ-тың Түркияға бағытталған санкцияларын айыптады.

Түркия түлектері қоғамы жасаған жазбаша мәлімдемеде «Соңғы күндері Түркия экономикасын нысанаға алған орынсыз санкцияларды айыптаймыз» Түрік халқы мен экономикасын қолдаймыз» делінді.

Түркияның опасыз бір шабуылмен бетпе-бет қалғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Түркия мен экономикасы мықты. Бұл опасыз шабуылды Ислам үмбеті және еркін әлемнің жәрдемімен тойтарады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар