Соңғы бір аптада 44 террорист залалсыздандырылды

Соңғы бір аптаның ішінде ішкі қауіпсіздік операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

Соңғы бір аптада 44 террорист залалсыздандырылды

Соңғы бір аптаның ішінде ішкі қауіпсіздік операцияларында бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 44 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігі 2018 жылдың 30 шілде-6 тамыз күндері арасында ел көлемінде жасалған операциялармен байланысты мәлімдеме жасады.

Министрлік жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда операцияларда басшылық кадрларының 5 мүшесіне қоса жалпы 44 террорист (25 өлтірілді, 10 тірі ұсталды, 9 адам берілді) залалсыздандырылды.

Операциялар барысында сондай-ақ Эрзурум, Хаккари және Адыяманда барлығы 3 баспана мен үңгір жойылды, көптеген ауыр қару және ұзақ атымды қаруға қоса, осы қаруларға тиесілі оқ-дәрілер тәркіленді.

Операцияларда 66 килограмм жарылғыш материал, 7 дана қолдан жасалған жарылғыш пен мина да жойылды.



Ұқсас жаңалықтар