Президент СКТР-на барды

Ердоған: «Кипр – ұлттық күресіміз» деді.

Президент СКТР-на барды

Ресми сапармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барған президент Режеп Тайып Ердоған: «Кипр – ұлттық күресіміз. Кипрда әділ және түбегейлі шешім – мақсатымыз» деді.

Әзірбайжанға сапарынан кейін аралға барған Ердоған СКТР президенті Мұстафа Акынджымен оңаша кездесті.  Артынан екі президент баспасөз өкілдерінің алдына шықты.  Ердоған: «Түркия Кипр түрік халқының шешімсіздіктен зиян көруіне ешқашан көз жұмбайды.  Кипр түріктерінің Кипр понти мемлекетінің азшыл халқы болуына да ешқашан рұқсат бермейді» деді.

«Алдымыздағы кезеңде Солтүстік Кипр Түрік Республикасын Шығыс Жерорта теңізінде таңдаулы орталыққа айналдырып,  адам басына шаққанда ұлттық табысты екі есе арттыру – бірінші нысанамыз» деді ол.

«Кипр – ұлттық күресіміз. Кипрда әділ және түбегейлі шешім – мақсатымыз» деген Ердоған былай жалғастырды: «Біз- түрік тарапы ретінде осы тақырыпта елу жылдан бері барлық ынтаны көрсеттік.  Бірақ біздің ынтамызға қарамастан аралда ауқымды шешімді мақсат еткен процестердің соңғысы бір жыл бұрын нәтижесіз қалды.  Мұның себебі болса Кипр понти тарапының өзін аралдың жалғыз иесі деп санауы.  Бір жылдан бері понтилердің осы түсінігі өзгермеді»



Ұқсас жаңалықтар