НАТО саммиті бүгін басталады

Саммитке президент кейбір министрлермен бірге қатысады.

НАТО саммиті бүгін басталады

Бельгияның бас қаласы Брюссельде бүгін басталатын НАТО саммиті көптеген жаңалыққа сахна болады.

Ертең де жалғасатын «НАТО Мемлекет және үкімет басшылары жиналысы» бірінші рет НАТО-ның жаңа штаб ғимаратында өткізіледі.

Саммит 20 әскери тікұшақтың әуедегі қойылымымен басталады.  Осы тікұшақтардың арасында түрік тікұшақтары да болады.

Президенттік үкімет жүйесінің тұңғыш президенті Режеп Тайып Ердоған кабинетін құрғаннан кейін бірінші халықаралық саммитіне қатысуда.

Ердоғанның кабинетіндегі кейбір министрлер де НАТО саммитіне қатысуда.

Бас штабтың бұрынғы басшысы,  армия генералы Хулуси Акар кабинеттің Ұлттық қорғаныс министрі ретінде бірінші рет халықаралық жиналыста орын алады.

Берат Албайрак та Қазына және қаржы министрі ретінде қатысады.

Ердоған саммит аясында АҚШ президенті Дональд Трамп, Франция президенті Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Мэймен кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар