Чавушоғлу Брюссельде баспасөз жиналысына қатысты

Сыртқы істер министрі Ресейден сатып алған S-400 жүйесінің алғашқы батареяның келесі жылдың соңына қарай Түркияға табыс етілетінін білдірді.

Чавушоғлу Брюссельде баспасөз жиналысына қатысты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресейден сатып алынатын S-400 қорғаныс жүйелерімен байланысты алғашқы батареяның келесі жылдың соңына қарай Түркияға табыс етілетінін білдірді.

Чавушоғлу НАТО саммиті үшін барған Бельгияның Брюссель қаласында баспасөздің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесі алған соң тек қана АҚШ емес, кейбір НАТО-ға мүше мемлекеттердің де осыған қатысты сұрақтар келгенін атап айтқан Чавушоғлу «Техникалық тұрғыдан түсінікті. Мысалы S-400 зымырандары НАТО мен НАТО жүйелерін, одақтастарды, дұшпан ретінде танып, танымағанын сұрауы немесе мұны түсінуге тырысулары орынды. Бұл тақырыпта бізде нәзік қозғаламыз. Алған кезде бұл шарттарымызды ашық түрде ортаға қойдық. Бұл біздің дереу қамтамасыз етілетін бір қажеттілігіміз. Бұл қажеттілігімізді одақтарымыздан қамтамасыз ете алмағанымыз себепті, Ресейден алғанымызды, ең жақсы ұсынысты Ресейдің жасағанын, ақыры Түркияның тәуелсіз және егемен бір ел екенін, өз шешімдерін өзі қабылдай алатынын айтқан болатынбыз» деді.

«Түркия НАТО-дан алыстап жатыр ма?» деген түсінікті қабылдамағандарын атап айтқан Чавушоғлу «Жоқ, Түркия НАТО-дан алыстап жатқан жоқ. Егер НАТО одақтастарымыз бұл қажеттілігімізді қамтамасыз еткенде, алдымен біз оларды таңдар едік» деді.

Чавушоғлу сондай-ақ «»Келесі жылдың соңына қарай алғашқы батареялар келеді. Ақыры мұны сұрап отырудың қажеті де жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар