Абэ Ердоғанды құттықтады

Екі лидер кездесуге келісті.

Абэ Ердоғанды құттықтады

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ президент Режеп Тайып Ердоғанды 24 маусым күнгі сайлаудағы жеңісіне орай құттықтады.

Президенттік аппараттан алынған мәліметке сай,  президент Ердоған мен Жапония премьер-министрі Абэ телефонда сөйлесті.

Телефон әңгімесінде Жапония премьер-министрі Абэ президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісіне орай құттықтады.

Екі лидер сонымен бірге болашақ кезеңде екі жақты қатынастарды жетілдіру тақырыбындағы табандылықтарын бекітті.

Басшылар Синоп қаласындағы атом энергия стансасының құрылысын жылдамдату тақырыбына да тоқталды. Сонымен бірге Аргентинада өтетін G-20 саммитінде бас қосуға келісті.

G-20 кезекті төрағалығының 2019 жылы Жапонияға берілетініне назар аударған Абэ президент Ердоғанды Жапонияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар