Түркия атысты тоқтату бітіміне ризашылық білдірді

Түркия Ауғанстанда үкімет пен Талибан арасында екі жақты жарияланған атысты тоқтату бітімінің бұзылмауына ризашылық білдірді.

Түркия атысты тоқтату бітіміне ризашылық білдірді

Түркия Ауғанстанда үкімет пен Талибан арасында екі жақты жарияланған атысты тоқтату бітіміне бағынуының қуантатын жайт екенін мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Ауғанстанда үкіметі мен Талибан арасында Ораза айт мерзімі аяқталғанша екі жақты жарияланған атысты тоқтату бітіміне тараптардың бағынуын ризашылықпен қадағалаудамыз. Ауғанстан елбасы құрметті Эшреф Гани жариялаған аталмыш атысты тоқтатудың ауған үкіметі тарапынан бір жақты созылғаны жөніндегі шешімді қолдаймыз» делінді.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Ауған үкіметі басқан бұл қадамға Талибанның да болымды жауап қайтаруын және Ауғанстанда бейбітшілік пен келіссөздердің тұрақты түрде қамтамасыз етілуін тілейміз. Түркия дос және бауырлас Ауғанстанға қауіпсіздік пен тұрақтылық әкелуге бағытталған талпыныстарға қолдауын жалғастырады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар