Әскери лауазымдылар Манбидж жоспары тақырыбында келісті

Армия генералі Хулуси Акар мен АҚШ Еуропа күштері қолбасшысы Куртис Скапаротти телефонда әңгімелесті.

Әскери лауазымдылар Манбидж жоспары тақырыбында келісті

Түркия мен АҚШ-тың Манбиджте қадағаланатын жол картасын анықтаудың артынан екі елдің әскери лауазымдылары «қозғалу жоспары» тақырыбында келісті.

АҚШ-тың Штутгарттағы Еуропа қолбасшылық штабында 12-13 маусым күндері болып өткен жиналыста дайындалған келісім мәтіні жоғары мекемелерге ұсынылады.

Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Хулуси Акар мен АҚШ Еуропа күштері және НАТО Одақтас күштер қолбасшысы Куртис Скапаротти телефонда әңгімелесті.

Әңгіме барысында Манбидж жол картасының іске асырылуы тақырыбы қолға алынды.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеде Акардың кеше Скапароттимен әңгіме барысында Сирияның солтүстігіндегі қазіргі қауіпсіздік жағдайы мен мұның алдында келіскен Манбидж жол картасы бағытында анықталған қауіпсіздік ережелерінің іске асырылуы тақырыптарында көзқарас алмасылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар