Президент Ердоған Ораза айтқа орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған айт демалысына орай жол жүретін жүргізушілерді жол ережелеріне бағынуға шақырды.

Президент Ердоған Ораза айтқа орай құттықтау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ораза айтқа орай құттықтау жариялады.

Азаматтардың айттарын құттықтаған президент мұсылман әлемінде «басы береке, ортасы кешірім, аяғы мәңгі азаптан құтылу» деп қабылданған тағы бір ораза айды артта қалдырғандарына назар аударды.

Айттың бүкіл адамзат үшін құт әкелуін тілеген президент Ердоған айт демалысы аясында жол жүретіндерге жол ережелеріне бағыну тақырыбында ескерту жасады.

Ердоған құттықтауында «Раббымнан сүйіспеншілік, бауырластық, мархабат, құшақтасу, сүйіктіге жақындасу болып қабылданатын айт күндерін лайықты түрде өткізуіңізді тілеймін. Айттың Ислам әлемінен бастап, бүкіл адамзат үшін жақсылық әкелуін тілей отырып, сіздерді құшақтаймын. Ораза айтыңызбен!» деді.



Ұқсас жаңалықтар