Премьер-министр Бинали Йылдырым ораза айтты құттықтады

Бинали Йылдырым құттықтауында Түркияның езілгендердің қорғаушысы, адамзаттың ұжданы болуды жалғастыратынын атап көрсетті.

Премьер-министр Бинали Йылдырым ораза айтты құттықтады

Премьер-министр Бинали Йылдырым бүкіл Ислам әлемінің ораза айтын құттықтады.

Айттың бүкіл әлемде тыныштық, бейбітшілік пен бауырластықтың белгісі болуын тілеген Йылдырым түрік ұлтының басына төнген қиыншылықтардың барлығынан ынтымақтастық арқылы құтылғанын ескертті.

Премьер-министр ораза айтқа орай жариялаған құттықтауында Түркияның езілгендердің қорғаушысы, адамзаттың ұжданы болуды жалғастыратынын атап көрсетті.

Террормен күрес тақырыбында болса тұрақтылыққа назар аударған премьер-министр Бинали Йылдырым «Аймағымызды террордан толығымен тазалағанша бұл күрес жалғасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар