Түркия АҚШ пен С.Корея арасында жасалған келісімді қолдады

Түркия тараптар арасынада қол қойылған декларация мен Солтүстік Кореяда тұрақты бейбітшілік келісімін ризашылықпен қарсы алды.

Түркия АҚШ пен С.Корея арасында жасалған келісімді қолдады

Түркия АҚШ пен Корея Демократиялық Халық Республикасы (ҚДХР) басшылары жариялаған Ортақ декларация мен Солтүстік Кореяда тұрақты бейбітшіліктің қалыптасуы тақырыбында жасалған келісімді ризашылықпен қарсы алды.

Сыртқы істер министрлігінен АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚДХР басшысы Ким Чен-Ынның Сингапурдағы кездесуімен байланысты жазбаша мәлімдемеде АҚШ пен ҚДХР басшылары кеше Сингапурда жариялаған Ортақ декларациямен Кореяда тұрақты бейбітшілікті орнату, АҚШ пен ҚДХР арасында жаңа ынтымақтастықтардың жетілдірілуі және аймақты ядролық қарулардан тазалау тақырыбында жасалған келісімді ризашылықпен қарсы алғаны атап көрсетілді.

Биыл басынан бастап жалғасқан Кореямен байланысты дипломатиялық процестің маңызды бір кезеңі болып табылған Сингапур саммитінде қабылданған шешімдер мен ортаға қойылған уәделердің болымды қарсы алынғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Сәуір айында Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшыларының ауқымды бейбітшілік тақырыбындағы жетістіктері келісімнің артынан осы жолы АҚШ пен ҚДХР басшылары ортаға қойған саяси ұстаныммен пайда болған тарихи мүмкіншіліктің басылатын болымды қадамдармен жалғастырылуы аймақ пен әлем бейбітшілігі тұрғысынан маңызды болып табылады. Түркия тарихи байланысы бар Кореяда тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуді мақсат еткен жұмыстарға әрқашан қолдауын береді» делінді.



Ұқсас жаңалықтар