Транс Анадолы желісі ашылды

Ашылу салтанатына көрші елдердің президенттері қатысты.

Транс Анадолы желісі ашылды
TANAP қызметке берілді
TANAP қызметке берілді

TANAP қызметке берілді

Әзірбайжан табиғи газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдайтын Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі рәсіммен ашылды. 

Түркияның Ескишехир қаласындағы рәсімге президент Режеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Грузия президенті Георги Маргвелашвили және Украина премьер-министрі Петро Порошенко қатысты. 

Президент Ердоған осында сөйлеген сөзінде энергияның Жібек жолы деп аталған Транс Анадолы құбыр желісін ашып отырғандарын айтып: "Энергияны жанжал емес, ынтымақтастық іргетасы ретінде қабылдайтын түсінігімі ТАНАП арқылы тағы бір рет айқындалды" деді. 

"ТАНАП - ортақ көзқарастың соңғы жемісі.  ТАНАП сонымен бірге жаңа жобалардың хабаршысы" деді ол. 

ТАНАП-тың бастапқыдағы әлеуеінің жылдық 16 миллиард текше метр табиғи газ екенін білдірген Ердоған мұның 6 миллиардының Түркияға, 10 миллиард текше метрінің Еуропаға айдалатынын айтты. 

Ердоған құбыр желісінің әлеуетінің алдымен 22 миллиард текше метрге,  артынан қосымша инвестициялармен 31 миллиард текше метрге шығаруды мақсат еткендерін баяндады. 

Президент Түркияның ТАНАП арқылы транзит ел болудан шығып, өндірушіден тұтынушыға созылатын алқаның әрбір сатысында рол алатын маңызды актерге айналғанын тілге тиек етті. Ердоған: "ТАНАП тек жеткізу қауіпсіздігі тұрғысынан емес, Каспий аймағынан Еуропаға дейін барлық маршрут бойындағы елдердің молшылығы мен жұмысқа орналастыруына да үлес қосады" деді. 

Президент Ердоған Грекия шекарасына газды 2019 жылдың Маусым айында жеткізуді жоспарлағандарын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар