Калын француз журналына наразылық көрсетті

Ибрахим Калын «Түркияның сізден бұйрық алатын күндері артта қалды» деді.

978777
Калын француз журналына наразылық көрсетті

Ибрахим Калын «Түркияның сізден бұйрық алатын күндері артта қалды» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Францияда шығатын Le Point журналының президент Режеп Тайып Ердоғанды нысанаға алған мұқабасына наразылық көрсетіп, «Түркияның сізден бұйрық алатын күндері артта қалды» деді.

Ибрахим Калын Твиттердегі парақшасынан Le Point журналының осы аптадағы мұқабасына байланысты мәлімдеме жасады.

Калын мәлімдемесінде «Бір француз журналы президент Ердоғанға диктатор деді. Біз осы шабуылды айыптаймыз. Мақсаттарының не екенін білеміз. Халқымыз және бейуаз халықтар барлығын көруде. Түркияның сізден бұйрық алатын күндері артта қалды» делінді.


Этикеттер: #Франция , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар