Президент Ердоған TRT телеарнасына күн тәртібін бағалады

Президент Ердоған TRT-нің арнайы эфирінде күн тәртібімен байланысты сұрақтарға жауап қайтарды.

977817
Президент Ердоған TRT телеарнасына күн тәртібін бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Манбидж аймағында қоныстандырылған француз әскерлерімен байланысты Франция президенті Эммануэль Макронның өзімен телефонда   сөйлесуді талап еткенін атап көрсетті.

Ердоған АҚШ-пен қарым-қатынастар және француз әскерлерінің Манбиджте байқалуымен байланысты сұрағына президент Эммануэль Макронның өзінен әңгімелесу үшін сұраныс жасағанын білдірді.

Президент Ердоған «Бүгін немесе ертең өзімен әңгімелеспекпіз. АҚШ-пен мұндай кезеңдер жиі болатын. Бірақ сайлау науқаны басталғаны себепті телефон дипломатиямыз тоқтап тұр. Дегенмен байланыс каналдарымыз ашық» деді.

Ердоған АҚШ-тың Израильдегі өкілетті елшілігін Тель-Авивден Иерусалимге көшіруі және Израильдің Газа секторында жасаған қырғындарымен байланысты сұраққа «АҚШ пен Израиль қабылдаған бұл шешімнің ешбір құны жоқ. Америка абыройын түсірді». Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) болса біздің Йеменмен басқан қадамымыз нәтижесінде 128 мемлекет «қарсы» дауыс қолданды. АҚШ пен Израильге қоса, қайдағы адам естімеген аудан көлеміндегі 9 мемлекет оларға қолдау берді. Демек әлемде мұны ешкім мойындаған жоқ. «Менің ақшам, күшім бар. Сондықтан бұл ақша және күшпен «Мен сізді басамын, айтқанымды да жасатамын» демекші. Жоқ ондай нәрсе, жасата алмайсың. Ақыры солай болды ғой. Ешкім сені тыңдаған жоқ. Осында келіп өкілетті елшілігін сол жерге көшіріпсің. Ал көшірдің не болмақ? Алдымен білу керек Палестинаның астанасы Иерусалим болып табылады. Мұны барша мойындайды. Бұл тақырыпта күдік жоқ. Сен мойындасаң да, мойындамасаң да, Палестинаның бас қаласы  - Иерусалим» деді.



Ұқсас жаңалықтар