Отандық мылтықтарға жылы лебіздер келді

Түріктің мылтығына жақсы лебіздер келуде.

Отандық мылтықтарға жылы лебіздер келді

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли отандық мылтық MPT-76-ны көптеген елге сыйға тартқандарын,  оннан астам елден жақсы лебіздер келгенін білдірді.

Джаникли Машина және химия индустриясы мекемесі мен Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесіне қарасты Қорғаныс өнеркәсібі зерттеу және жетілдіру институтының зерттеу жобаларының рәсімі үшін Кырыккалеге барды.  Министр осында ауыр қару және болат зауыты мен қару мұражайын аралады.

Мұражайдағы MPT-76 мылтығын тексерген министр отандық мылтықтарды оннан астам елге сыйға тартқандарын білдірді.

Осы елдердің отандық мылтықтарды сынақ мақсатты қолданғандарын білдірген Джаникли жақсы лебіздер келгенін айтты.

Отандық мылтыққа байланысты сауда келісіміне жақында қол қойылады.



Ұқсас жаңалықтар