F-35 ұшағы Түркияға тапсырылады

Ұшақтың тапсырылуына санаулы күн қалды.

F-35 ұшағы Түркияға тапсырылады
F-35 ұшағы Түркияға тапсырылады
F-35 ұшағы Түркияға тапсырылады

Түркияның тұңғыш F-35 әскери ұшағының тапсырылуына санаулы күн қалды.

Түркияның тұңғыш F-35 әскери ұшағының тапсырылуына санаулы күн қалды.

Америка Құрама Штаттарынан алынған F-35 ұшағының жаңа көріністері ортаға шықты.

Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі жаңа ұшақтың Lockheed Martin Texas базасынан көтерілген сәтін Твидтер есебінен жариялады.

Көріністе ұшақтағы құйрық нөмірі мен түрік байрағы назар аударды.

Түркия тұңғыш F-35 ұшағын 21 маусым күні АҚШ-та қабылдап алады.

Ұшқыш дайындықтары аяқталып,  екінші ұшақ та қабылдап алынғаннан кейін ұшақтар Малатиядағы 7-ші база қолбасшылығына әкелінеді.

Ұшақтар 2019 жылдың күзінде Түркия аспанында ұша бастайды.

Айырықша Түркия 2018 жылдан бастап Еуропа аймағында F-35 ұшақтарының ауыр мотор күтімін жасайды. Бұл қорғаныс өнеркәсібіне және экономикаға үлкен үлес қосады.

100 дана алынуы жоспарланған F-35 ұшақтарының бірінші сатыда 30-ы алынады.



Ұқсас жаңалықтар