Бас Штаб төрағасы Акар Белградта

Хулуси Акар 12-ші Балкан елдері бас штаб төрағалары конференциясына қатысты.

977308
Бас Штаб төрағасы Акар Белградта

Бас Штаб төрағасы Хулуси Акар Сербияның астанасы Белградта ұйымдастырылған 12-ші Балкан елдері бас штаб төрағалары конференциясына қатысты.

Белградта ұйымдастырылған 12-ші Балкан елдері бас штаб төрағалары конференциясына Түркия, Сербия, Албания, Босния-Герцоговина, Болгария, Грекия, Македония, Черногория және Румынияның бас штаб төрағалары қатысты.

Конференцияның беташарында баяндама жасаған Сербия қорғаныс министрі Александр Вулин мемлекетінің әскер жақтан бейтарап бір тұғыр ұстанғанын еске салды.

Сербияның әрі шығыс, әрі батыспен ынтымақтастық ішінде екенін баяндаған Вулин «Аймақта бейбітшілік, тұрақтылық, тыныштық және қауіпсіздіктің орнатылуы өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда Сербия армиясының ең үлкен міндеті--Балканда бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар