АҚШ Израильдің қырғынына ортақ болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иерусалимді жауыздық жасаған бір елдің қолына тастамайтынын айтты.

976307
АҚШ Израильдің қырғынына ортақ болды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иерусалимді жауыздық жасаған бір елдің қолына тастамайтынын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының орталығында ұйымдастырылған дәстүрлі өкілетті елшіліклердің ауызашарында сөз сөйледі.

Ердоған баяндамасында Израиль әскерлерінің Америка Құрама Штаттарының 14 мамырда Иерусалимде өкілетті елшілік ашуын протест ету үшін жиналған палестиналықтарды аяусыз қырғындағанын айтты. Ердоған Израильдің жаулау астындағы Газа шекарасында ұйымдастырылған ереуілге қатысқан 60-тан астам палестиналықтың қырғындалғанына, 3 мыңнан көп адамның жарақат алғанына тоқталды.

Ердоған «Израиль әкімшілігі қырғын жасады. Палестиналық шейіттер ішінде 8 айлық сәби, әйелдер, жастар, мүгедектер бар. Соңғы провокация әрекеттерімен АҚШ әкімшілігі Израильдың қырғынына да ортақ болды» деді.

Ердоған АҚШ әкімшілігінің бұдан кейін демократия, адам құқықтары, еркіндік және бейбітшілік тақырыптарында сөз айтудың ешқандай мағынасының қалмағанын білдірді.

Түркияның Ислам ынтымақтастық ұйымы кезекті төрағасы болуымен әрі АҚШ-тың шешіміне , әрі Израильдің жасаған қырғынына қарсы наразылық көрсеткенін түсіндірген Ердоған Палестиналықтарға гуманитарлық көмектер жасағанын айтты.

Президент Ердоған «Қасиетті Иерусалимді қорғауға белді бекем байладық. Тұңғыш құбыламызды қорғай алмасақ, соңғы құбыламыздың болашағына сеніммен қарай алмаймыз. Алғашқы құбыламызды талай жылдан бері жаулаған бір елдің қолына бере алмаймыз» деді.

 


Этикеттер: #Израиль , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар