Кейбір мұсылман елдердің премьер-министрлері Түркияға шақырылды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Бангладеш, Марокко, Пәкістан және Катар премьер-министрлерін ИЫҰ-дың кезектен тыс саммитіне шақырды.

Кейбір мұсылман елдердің премьер-министрлері Түркияға шақырылды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Бангладеш премьер-министрі Шейка Хасина, Марокко премьер-министрі Садеддин Әл-Османи, Пәкістан премьр-министр Шахид Хакан Аббаси, Катар премьер-министрі мен Ішкі істер министрі Абдуллах ибн-Насыр ибн-Халифа Әл-Сани және Алжир премьер-министрі Ахмед Уяхияны Ислам ынтымақтастық ұйымы  (ИЫҰ) кезектен тыс саммитіне шақырды.

Премьер-министрлік ақпарат көздеріне қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Хасина, Әл-Османи, Аббаси, Шейх Абдуллах және Ахмед Уяхияға телефон шалды.

Әңгіме барысында бес басшыны оразамен құттықтаған премьер-министр Йылдырым палестиналықтарға жасалған адамзаттың намысын таптайтын оқиғалар жайында жұма күні Түркияның кезекті төрағалығы кезінде жүзеге асатын кезектен тыс саммитке шақырды.

Бес басшы да елдері атынан мүмкіндігінше ең жоғарғы деңгейде саммитте өкілдік жасалатынын, Түркияның бұл тақырыптағы көзқарастары мен Палестина халқының қайғысын бөліскендерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар