Еврей қауымдастығынан президент Ердоғанға қолдау

"Еврейлер ретінде біздер Израиль мемлекетінің толығымен тарқатылуы үшін дұға етеміз".

Еврей қауымдастығынан президент Ердоғанға қолдау

Президент Режеп Тайып Ердоған Ұлыбритания сапары аясында еврейлердің рухани басшысы (раввин) Элаханан Бек және қасындағы «Нетурей карта» (Neturei Karta) атты православ еврей қауымдастығы мүшелерін қабылдады.

Лондондағы қабылдаудың артынан журналисттерге мәлімдеме жасаған рухани басшы Бек «Сионисттерге көмек көрсету еврей халқының мүддесіне емес. Егер еврейлерге қолдау бергіңіз келсе, онда Түркия Республикасы президенті жасағанды жасаңдар!» деді.

Рухани басшы Бек ағылшын және АҚШ әкімшіліктеріне болса «Израильге жәрдем берудің еврей халқының мүддесіне емес екенін ұғып, түсінулері керек» деп үн қатты.

Тек қана палестиналықтар атынан емес, еврейлер үшін сөз қозғаған кезде де еврей халқы үшін ең қауіпті халықтың Израиль екенін атап көрсеткен Бек «Сионисттерге көмек көрсету еврей халқының мүддесіне емес. Егер еврейлерге қолдау бергіңіз келсе, онда Түркия Республикасы президенті жасағанды жасаңдар! Өкілетті елшілеріңізді сол жерден шақырыңыздар. Ортаға шығып дауысыңызды көтеріп Израиль мемлекетіне қарсы екеніңізді айтыңыз. Басқыншыларға қарсымыз, аймаққа бейбітшілік келтіргіміз келеді. Еврейлер ретінде біздер Израиль мемлекетінің толығымен тарқатылуы үшін дұға етеміз. Екі мемлекетті де қаламаймыз. Жалғыз мемлекет, теңізден өзенге дейін Палестина халқының қайта оралуын қолдаймыз. Сол жерде мұсылмандар мен еврейлер бейбіт өмір сүре алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар