"Қолыңда палестиналықтардың қаны бар"

Ердоған Нетаньяхуға әлеуметтік желі арқылы жауап берді.

"Қолыңда палестиналықтардың қаны бар"

Президент Режеп Тайып Ердоған өзі жөнінде әлеуметтік желіде дәйексіз жазбалар жариялаған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға "Қолыңда палестиналықтардың қаны бар" деп жауап берді. 

Президент Ердоған Твиттердегі жазбасында Нетаньяхудың қарусыз халықтың жерін тартып алған бір мемлекеттің премьер-министрі екенін айтты. 

Ердоған: "Нетаньяху-  қорғансыз бір халықтың жерін БҰҰ қарарларын аяққа таптап, басып алып, 60 жылдан бері басқыншылықта ұстап келе жатқан нәсілшіл бір мемлекеттік премьер-министрі. Нетаньхудың қолында палестиналықтардың қаны бар және мұны Түркияға шабуылдау арқылы жасыра алмайды. Адамдық жөнінде сабақ керек пе? 10 бұйрықты оқы" деп жазды. 

 



Ұқсас жаңалықтар